Мен өз елімді, өз туымды, Қазақстанды танытамын – Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко
Фото:Спортшының парақшасынан
20 жастағы қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко Гонконгте өткен BLAST Rivals Finals Season 2 турнирінде финалға дейін жетіп, чемпион атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол бразилиялық FURIA командасымен бірге шешуші матчта Team Falcons құрамын 3:1 есебімен ұтты.
Жеңістен кейін ол трофей алып, “Жыл жаңалығы” атанғысы келетінін де жасырмады.
“Жылдың жаңалығы” сыйлығын алу жаман болмас еді, бірақ ол мен үшін аса маңызды емес. Ең алдымен, мен турнирлерде жеңгім келеді, содан кейін барып MVP немесе “Жылдың жаңалығы” атанғым келеді. Трофей жеңіп алу – бәрінен де маңызды”, – деді Данил сұхбатында.
Сонымен қатар Данил Қазақстанның атын бүкіл әлемге танытқысы келетінін айтты.
“Мен өз елімді, өз туымды, Қазақстанды танытамын. Қазақстан әрдайым биікте болса екен деймін. Бұл – менің арманым. Қазақстанды әлемнің, спорттың шыңында көрсеткім келеді. Бұл – менің арманым” – деді ол.
Айта кетейік, Данил Голубенко бір жыл ішінде үшінші рет халықаралық ірі додаларда топ жарып отыр. Бұған дейін ол қыркүйекте Fissure Playground 2 жарысында және Қытайда өткен IEM Chengdu турнирінде жеңіске жеткен еді. Екі доданың екеуінде де жерлесіміз жарыстың ең үздік ойыншысы (MVP) атанды. Бұл – киберспортта сирек кездесетін жетістік.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген

