Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде жолаушы 3 млн теңгесі бар сөмкесін автобуста ұмытып кетті

Семейде жергілікті тұрғын автобусқа үш миллион теңгесі бар рюкзакты тастап кетті.

автобус

38 жастағы келіншек бұл туралы 102 арнада хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 «Қала тұрғыны Водный кентіндегі аялдамадан түскенін, автобус қалашыққа қарай кетіп бара жатқанын айтып, шағын автобусты тоқтатуды сұрады», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кезекші жедел топ бақылау камераларының көмегімен автобустың орналасқан жерін анықтап, оған жақын жердегі патрульдерді жіберді. Аялдамада қоғамдық көлік тоқтатылды.

Полицейлер автобустан қара рюкзакты тауып алып, оны бірден жәбірленушіге қайтарып берді. Автобус қаланың шеткі бөлігінен орталыққа қарай жүрсе де, сөмкеге ешкім тиіспеген екен.

Талқылау