Семейде жарақат алған бүлдіршін үшін балабақша өтемақы төлейтін болды
Жарақат алған баланың ата-анасы балабақшадан өтемақы талап етті.
Бұл туралы Семей қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Анасының айтуынша, 4 жасар бала тәрбие орталығының жауапсыздығының кесірінен жарақат алған 2016 жылы 4 жастағы Әмина балалардың даму орталығында жарақаттанды.
Елена Гутовскаяның айтунынша, ол полицияға хабарласқан. Бірақ құқықбұзушылық жоқ болғандықтан тергеу жүріп, қылмыстық іс тоқтатылды.
Анасы қызының иық сүйегі сынғанын айтты. Дәрігерлер баланың ота жасатуға жасы жетпейтінін айтқан. Осыдан соң Елена қызының жағдайына немқұрайлы қараған балабақшадан өтемақы талап етіп, тағы арыз жазды.
Сот медициналық сараптаманы есепке ала отырып, арызды қанағаттандырды. Балабақша 250 мың теңге төлеуге міндеттелді. 26 желтоқсанда баланың орта деңгейлі жарақат алғаны дәлелденді. Үкім заңды күшіне енді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
