Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде түрмедегі төрт азамат бөдене өсіріп, бизнеспен айналысып отыр

Семейдегі абақтыда төрт жігіт бірігіп бөдене өсіріп, күніне жүз - жүз жиырма жұмыртқа жинап алып жүр. Олар жеке кәсіпкермен келісім-шартқа отырған. Ал жалақыны жинаған жұмыртқаларына қарай алады екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықұтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

түрме

Түрмедегі азаматтар өткен жылы желтоқсан айында кәсіпкермен бірлесе келісімге келіпті. Қазір бөдене өсіреді, күнделікті жұмыртқасын жинайды. Сотталғандар мұнымыз бір жағынан ермек, екінші жағынан еңбек дейді.

Жазасын өтеушілердің айтуынша, қазір бұнда мыңға тарта бөдене бар. Күніне жүзден жүз жиырмаға дейін жұмыртқа жиналады.

"Он күн сайын бұған дәрілерін береміз. Крахмал береміз, йод береміз, құм береміз, соль береміз. Бөдене он жеті күнде дүниеге келеді. Ровно қырық күнде жұмыртқа береді. Жұмыртқаны кәсіпкер қалаға сатылымға шығарады. Семейде жиырма данасы жеті жүз теңгенің маңайында. Бөдене бағбандарының жалақылары жиналған жұмыртқаға байланысты. Ал мекемедегі үш жүз отыз жазасын өтеушінің жетпіс проценті жұмыспен қамтылған", - дейді жазасын өтеуші Әділжан Салайдинов. 

"Мекеме бойынша 190 сотталған еңбекпен қамтылуда. Барлықтары заңды түрде ақылы жұмыста. Олардың алынатын жалақыларынан әр сотталғандардың өзінің үкімі бойынша талап - арыздары бар ғой. Сол талап арыздарын өтейді және өздерінің отбасыларына көмектесіп отырады", - деді ОВ 156/14 мекемесі тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Руслан Қамаржанов. 

Азаматтар көктемде қосымша қаз, күрке тауық басын да көбейтіп, көбірек жұмыртқа алуды көздеп отыр. Ал жазғытұрым аяқталмай тұрған жылыжайға көңіл бөлмек ниетте екен.

STAN.KZ
Жексенбі, 07 Ақпан, 2021 16:03
Талқылау