Семейде тұрғындары еңселі ескерткішті қорлап тастаған
Семей қаласында 1918 жылдың жазында атаман Анненковтың бастауымен ақтардың күші басым болады. Қазір мемориалды кешен тұрған ауданда кезінде теміржол өтіп жатқан. Бұл ақтардың генералының бұйрығымен өлім вагоны жүріп өткен.
Фото: ЭК/Ильи МИЛЛЕР
Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.
Ақиқат күткен Семей, Павлодар және басқа да аймақтардағы кеңес үкіметінің жақтастарының бәрі жазықсыз атылып кете барған. Мұның барлығын жазушы Сәкен Сейфуллин өзінің “Тар жол, тайғақ кешу” романында шебер бейнелейді.
Сол кездегі жазықсыз жаланың құрбандарын еске алу мақсатында 70 жылдардың соңында мұнда мемориалды кешен салынған.
Ал қазір осы ескерткіштің қабырғасына әркім келіп аты-жөндерін жазып, сезімдерін білдіріп айбақ-сайбақ қылып тастаған. Мұны жасап жүрген әрине жасөспірімдер екені айтпаса да түсінікті.
Оқи отырыңыз:
Ақтөбе облысында 54 жастағы инженер үшемнің әкесі атанды
Қазақстандық жомарт кәсіпкер 3 жасар науқас баланы Үндістанға апару үшін жеке ұшақ тауып берді
Тәуелсіздік күніне орай үлестіріліп жатқан сыйақы тұрғындардың бәріне бірдей бұйырмайтын болды
Қазақстандықтар тұрмысы төмен жандарға үй алып беру үшін 1 теңгеден жинап жатыр