Семейде 12 жастағы қыз рак ауруына шалдығып, төсек тартып жатыр
Семейде қатерлі дертке шалдыққан балаға дереу көмек керек, деп хабарлайды КТК.
Семейде, елімізде жоқ сырқатқа тап болған 12 жастағы қыз балаға дереу арада көмек қажет. Бүгінде қаршадай, Дильназ Әбуғалиеваға Синса-Номид синдром деген диагноз қойылған. Енді, соның салдарынан баланың бұлшық еттері солып, аяқ-қолы икемге келмей төсек тартып жатыр. Ал, арманы асқақ қызды адам қатарына қосу үшін жасалатын ем-домға 24 млн. теңге керек. Әйтседе, мұндай қыруар қаражы отбасының қолында жоқ. Оның үстіне, отағасы мен Дильназдің сіңілісі де мүгедектер қатарында.
12 жастағы Дильназ Әбуғалиева сырқатқа туабітті шалдыққандардың бірі.Бүгінде, оынң аяқ-қолы икемге келмей, буындары қақсап түн баласы кірпік ілмей шығады. Тіпті, денесіндегі бұлшық еттері солып, қу сүйегі қалған. Әйтседе, аяғына тік тұру арманына айналған Ділназ жегідей жеген дертімен күресуде.
Әйтседе, аққалаттылар қаршадай қыздың диагнозын 7 жасына дейін толық анықтай алмай келген екен. Анасының айтуынша, алғашында, олар түрлі ем-дом жүргізіп әлек болған көрінеді. Енді, дәрігерлердің әупіріммен анықтаған сырқаты бүгінде елмізде жоқ. Күллі әлем бойынша Синса-Номид синдромына бар болғаны екі жүз адамғана шалдыққан екен. Сондықтан, оған жүргізілетін ем-домның өзі аспандап тұр.
“Енді Дильназға Канакинубаб – «Иларис» препаратынан 7 ампулла керек. бұл бір жылға ғана. Сонда сегіз апта сайын аламыз. Оның біреуі 3 млн, бір жүз мың теңге тұрады. Ондай қаржы жоқ”, – дейді Дильназдың анасы Әлмира Батырханова.
Жалпы, Дильназдің ем-домы үшін 24 млн. теңге қажет. Ал,бұл қаражат мемлекеттік қазынадан берілмейді екен. Себебі, сирек кездесетін дерт белгіленген тізімнің қатарында жоқ. Сондықтан «Ұрпаққа жәрдем» қоры қызметкерлері қажетті соманы жинастыру үшін білек сыбана кіріскен. Қазіргі уақытта олар бір ампулланың ғана ақшасын жиастырып үлгеріпті. Алайда, қаршадай қызға оны күтпей шұғыл арада ем-дом жүргізілу керек. Енді, үш бірдей мүгедек бағып отырған ана еліміздегі қайырымды азаматтарға алақан жаюда.
Тағы да оқыңыз:
Семейде 21 жастағы жігіт үш сәбиді өлімнен құтқарып қалды
Әке, өлсем осы жердегілер жауап береді: Семейде сотталушы түрмедегі азапқа шыдамай шеге жұтқан