Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде өрттен екі адам қаза тапты

Семей қаласында жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

3 наурызда сағат 05:00 шамасында Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй отқа оранған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер үй ішінен 2 газ баллонын алып шықты.

"Жалын шарпыған жалпы аумақ 180 шаршы метрді құрады. Барлау жүргізу барысында бөлмеден 1946 жылғы үй иесі мен оның 1976 жылғы ұлының денесі табылды", - дейді төтенше жағдайлар қызметі. 



Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – отпен абайсыз әрекет ету, пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау немесе электр жабдықтарының апаттық режимде жұмыс істеуі себеп болуы мүмкін.

Еске салсақ, Түркістан облысында әйел мен оның төрт баласы көз жұмды. 

Оған қоса, 19 ақпанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында өрт болып, бес бала қайтыс болды.

Талқылау