Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде неміс ұлтының өкілдері мешітке келіп өз еркімен Ислам дінін қабылдады (фото)

Алланың қалауымен, осы бір көктемнің шуақты күнінде Шығыс Қазақстан облысына қарасты Бесқарағай аудан орталығындағы мешітте бір сауабы мол шара орын алды.

612615_1491538617

Бесқарағай орталық мешітінің баспасөз қызметінің мәліметінше, халық санының аздығына қарамастан, бұл ауданда 28 ұлттан тұратын әрі әртүрлі дінді ұстанатын өкілдер бір ата-анадан туған адамдардай тату-тәтті өмір сүруде. Осы ауылдың тұрақты тұрғындары болып кеткен неміс ұлтының 2 қызы өз еріктерімен келіп, асыл дініміз Исламды қабылдап, Жер жүзіндегі мұсылмандар санын екі адамға болса да арттырды.

Жас шамалары құралпас Гейде Анастасия мен оның құрбысы «Жетімдер үйінде» тәрбиеленген Готфрид Кристина «Алла үйіне» келіп, Жаратушының хақ дінін қабылдап, жақсы мұсылмандар қатарынан болғылары келетін ниеттерін білдірді. Аудандық мешіттің бас имамы Серікжан Аманұлы мұндай ниетпен келген екі қызды ақ-жарқын түрде қарсы алып, Жаратушы Алла Тағала туралы, Оның Елшісі Мұхаммедтің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сирасынан сыр шертіп, жалпылама ислам тарихынан мол мағұлымат берді.

Сондай-ақ, қазіргі заманда көп жастардың дәстүрлі емес ағымдар жетегінде жүргендерін айтып, екі қарындасымыздың да келешекте осы ағымдағылардың ықпалына түсіп кетпеуін ескертіп, осы мешітке келіп, діни сауат алуларына болатындығын атап өтті. Асыл дініміз Исламға кір келтірмеуге барынша тырысуларын өтінді. Сосын өзге дін өкілдеріне Ислам дінін қабылдату рәсімін бастады. Екі қарындасымызға кәлима шәһәдәт айтқызып, мұсылман болуларымен шын жүректен құттықтап, батасын берді.

Қазіргі таңда өз дінімізден бас тартып, басқа діндерді қабылдап, бастары айналып жүрген бауыр-қарындастарымыз қаншама. Аллаға сансыз шүкірлер, мына екі қарындасымыз Анастасия мен Кристинаның Ислам дінін қабылдауы Алла құптарлық амал екен.

78346_1491538613_890_530_0

Бұл қарындастарымыздың асыл дінімізді қабылдап, мұсылман болуына себепші болған, кезінде өзі де «Балалар үйінде» тәрбиеленген, ал қазіргі таңда мешітке келіп имамнан білім алып, діни сауатын ашып жүрген Азат Құсайынов есімді бауырымыз екен. Бас имам Азатқа алғысын айтып, дұға жасады. Мешіт ұжымы ол бауырымызға және асыл дінімізге жаңа кіріп, мұсылман болған екі қарындасымызға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлікпен көмек көрсетті.

Алла Тағалам екі қарындасымызға Өзінің сүйікті құлдарының қатарынан болуға жазсын! Ал Азат бауырымызға Жаратушы екі дүние бақытын нәсіп етсін! Құдіреті күшті Алла мұсылмандардың қатарын арттырып, дәрежесін көтере берсін!

muftyat.kz

Жіберіп алмаңыз:

Көкшетау имамы өз еркімен мешітті тазалап, қарын күрейтін ер адамға велосипед сыйлады (фото)

Қазақстанда депутаттардың жалақысы көтерілді

Медбикелер шетінеді деген сәби денесін өртейтін кезде тіріліп кетті

Алматыда киімдерді тегін тарататын дүңгіршек ашылды

Талқылау