Семейде қоқыстан табылған нәресте шетінеп кетті: Тергеу басталды
Семейде қоқыс жәшігінде денесі күйген нәресте шетінеп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Абай облысының балалар құқығын қорғау жөніндегі облыстық уәкілі Эльзира Жүнісова Семейде қоқыс жәшігінен табылған сәбиге қатысты пікір білдірді.
"Нәресте 13 қазанда сағат 19:40-та шетінеп кетті, ол облыстық перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімінде жатты. Денесінің 80%-ы күйік алған. Жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", – деді Жүнісова.
Еске салсақ, бұған дейін Семейде қоқыста денесін күйік шалған сәби табылғанын хабарладық.
Талқылау

4 миллион теңгеден 44 миллионға дейін: Әкімдіктер өңір логотипі бар брендтік өнімдерді алуға қанша теңге жұмсайды
Алматы туризм бюросы сувенир, брендтік өнімдер дайындау бойынша 44 миллион 642 мың теңге тендер ұсынды

Назарбаев зияткерлік мектебі тәжірибесін басқа мектептерге беру үшін 22 млрд теңге бөлінген: НЗМ қаражаттың қалай жұмсалғаны туралы айтудан бас тартты
Оқу орны 1-6 сынып оқушыларына грант тағайындау тәртібін де бекітпеген