Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде әйел жүк пойызының астына түсіп көз жұмды (видео)

Семейде 14 сәуір күні сағат 16:30 шамасында "Жансая" базары маңындағы Дулатов көшесінің бойындағы теміржол өткелінде әйелді жүк пойызы басып кетті. Ол вагон арасымен жүгіріп өтпек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Жантүршігерлік сәт автокөліктегі бейнетіркегішке түсіп қалған. Сағат 16:22-де әйел тоқтап тұрған жүк пойызының вагондарының арасымен өтіп кетпек болған. Алайда бірнеше секундта пойыз орнынан қозғалып, әйелді басып кеткен.

Куәгерлер бірден көмекке жүгіріп, әйелді рельс астынан шығарып алған. Алайда ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Көлік полициясы департаменті "Семей" станциясындағы желілік полиция бөлімі аталған факті бойынша адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.



Ведомствоның мәліметінше, қазір бұл іс бойынша қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Қарағанды облысында жұмысшы пойыз астында қалып қаза тапқан еді.

Талқылау