Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде анасы суға ағызып жіберген бүлдіршін тірі болуы мүмкін

Семейде 4 ай бұрын анасы Ертіске ағызып жібердім деген бір жарым жастағы Айша табылатын емес. Енді туыстарының айтуынша, олардың 24 жастағы келіні баланы өлтірмегенін мойындаған көрінеді. Сондықтан олар келіншекке шара қолдана алмай жүрген жергілікті құзырлы органдардың жұмысына наразы, – деп хабарлайды КТК арнасы.

cy

“Бізге ғана айтып тұр. Біз бірден қасымызға тергеушіні шақырдық. Міне, Айсұлудың өзі баланы тірі деп айтты десек, ол мен адвокатсыз, прокуратурасыз түк сұрай алмаймын деді. Сонымен қайттық. Прокурор мен адвокат келген жоқ”, – дейді Айшаның әпкесі Зарина Серікболсынова.

Қыздың шешесі қанша уақыт өтседе баласын аңсаған адамға ұқсамайды дейді туыстары. Ал денсаулығына қатысты өткізілген психологиялық тексерістердің барлығы таза шығыпты. Айшаның әпкелері бұл істің артында Айсұлудың дөкей таныстары тұр деп күдіктенеді. Олардың бұлай ойлауына адам өліміне қатысты қозғалған қылмыстық істің аяқсыз қалғаны себеп болған. Алайда жергілікті полицейлер кішкентай қыздың денесі табылмағандықтан істі, тоқтатуға мәжбүр болғанын мәлімдеді. Келіншектің өзі де тергеушілерге тіс жарып ештеңе айтпаған. Сондықтан оны қолхат арқылы босатыпты.


Жіберіп алмаңыз:

Елімізде айыппұл көлемі 50 пайызға дейін кемуі мүмкін

Қостанайда жүргізуші таксиге ақша төлемеген қызды жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрледі (видео)

Петропавлда жеті саусағы жоқ мүгедек әлеуметтік қызметкердің кесірінен жәрдемақыдан қағылып қалды

Жамбылда сәбиін дәретханаға тастап кеткен келіншек аналық құқығынан айырылды

Талқылау