Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбылда сәбиін дәретханаға тастап кеткен келіншек аналық құқығынан айырылды

Әмина Мәжіғұлова тағдыры тәлкекке түскен Жансаямен қоса, қолындағы үш жасқа толған қызынан да ажырап қалды, деп хабарлады КТК арнасы.

таразда баласын тастаган

«Сонымен қатар ҚР неке және отбасы кодексінің талаптарына сәйкес, аталған жауапкерден екі баласын асырап бағу үшін, 2016-шы жылдың желтоқсан айынан бастап алимент өндірілді», – дейді судья Ербол Дүйсенбаев.

Дегенмен үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Әмина апелляциялық шағым түсіре алады. Тіпті сәбилерін қайта бауырына басуға мүмкіндігі бар екен. Ол үшін сотқа түзелгенін дәледеуі тиіс. Әзірге үлкен қызы шешесінің қолында, ал кішісі «Үміт» балалар үйінде бола тұрады. Сонымен қатар, бала асырауға үміттілер де 1 жастағы Жансаяны алу үшін алты айдан кейін өтініш бере алады. Айта кетейік, былтыр қаңтарда Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны Әмина Мәжіғұлова сәбиін жол бойындағы әжетханаға туып тастап кеткен еді. Нәжіске малынған шақалақты жолаушылар құтқарып қалған. Осы қылмысы үшін келіншек бір жарым жылға сотталып, жуырда рақымшылықпен бостандыққа шыққан болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Қостанайда 13 жасар қыздың көзінен атқан қазақстандық блогер Ресейде ұсталды

Түркістандық мұғалімдерге сыйақыға берген 25 мың теңгені кейін жалақыларын ұстап қалған

Шымкенттік әйел тәуіпке өзі сұратқан 189 мың теңгесін беріп алданып қалғанын айтты

Туған қызынан оңбай таяқ жеген Астана тұрғыны жұрттан көмек сұрады

Талқылау