Семей тұрғыны жалға алған пәтерін есірткі ордасына айналдырған
Семейде есірткі саудасымен айналысқан 30 жастағы азамат ұсталды. 51 келі марихуананы ол оңтүстік өңірден жеткізіпті. Тіпті, барлығын арнайы полиэтилен бөліп, сатуға дайындап үлгерген, деп хабарлайды КТК арнасы.
Азамат есірткіні саудалауға қаладағы жалға берілетін баспаналардың бірін таңдапты. Ол үшін үйдің иесіне тәуілігіне 5 мың теңге төлеп отырған. Ал табылған ірі көлемдегі марихуананың қара базардағы құны 5 млн. теңге. Сондай-ақ, одан қосымша 4 млн. 700 мың теңге тәркіленді. Қолға түскен азамат есірткі саудасы үшін бұрын да істі болған екен. 2010-шы жылы бостандыққа шыққанымен, қайтадан баяғы әдетіне басқан сыңайлы. Енді ұзақ уақыт бостандық көрмеуі мүмкін. Үйін жалға беріп, есірткі ордасына айналдырған тұрғын да жазасыз қалмайды.
Жіберіп алмаңыз:
Құрттаған 35 мың тонна қарбыз тексерістен өтпеген болуы мүмкін
Денесін күйік шалған қазақ қызына Кореяда пластикалық ота жасалатын болды
Қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен Air Astana жолаушысына айыппұл салынған (видео)
Павлодар тұрғыны: Төреғали Төреәліге баламның аузына түкірткіміз келеді