Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семей соты еліміздегі екінші сталкерді соттады

Семей соты еліміздегі екінші сталкерді соттады

Фото: Ru.freepik.com

Қазақстандағы сталкинг бойынша екінші қылмыстық іс Семей сотында қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам әйелді ұзақ уақыт бойы аңдып, оның жеке өміріне араласқан және психологиялық қысым көрсеткен. 

“Сот үкімі бойынша азамат Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұдан бөлек, оған 10 ай мерзімге арнайы мінез-құлық талаптары белгіленді”, — деп хабарлады полиция.

Сталкинг туралы бап 2025 жылдың 20 тамызында күшіне енді. Ол адамның психикасына немесе өміріне зиян келтіретін қудалау үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе қамау түріндегі жазаны қарастырады.

Қазақстанда жаңа бап бойынша алғашқы қылмыстық іс биыл қыркүйекте Атырау облысында қозғалған. Ер адам әйелдің ауласына кіріп, іш киімсіз жүрген, терезелерге үңіліп, ерсі әрекеттер жасаған.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 03 Желтоқсан, 2025 08:58