Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздар алғаш рет қашан сүйіскенін айтып берді

Қазақстандық жұлдыздар алғаш рет қашан сүйіскенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жұлдыздар ең алғаш рет қашан сүйісті?Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жұлдыздардың Мұхит Сапарбайдың сұрағынан сасып қалған бейнежазбалары тараған. Өнер иелері "Алғашқы рет қашан сүйістіңіз?" деген сұраққа жарыса жауап берді. 

"Сүйсітім, ойбай. 18 жасымда", - дейді Кәмшат Жолдыбаева.

Ал өзіндік ерекшелігімен танылған Роза Әлқожа да Кәмшат Жолдыбаевадан қалыспапты. Қос жұлдыз кәмелеттік жасқа толғанда сүйіскендерін айтады. 

"Қанша жасымда? 18 шығар", - дейді Роза Әлқожа.

Шахизада болса, бұл сұраққа қатты күліп, жауаптан жалтарды. Дегенмен әнші сүйісуді жақсы көретінін жасырмады. 

"Есімде жоқ. Айтпайыншы, ағаларым ұрсады. Кім жек көреді оны, бәрі жақсы көреді", - дейді Шакизада.

Бұл сыннан сүрінбей өткендердің ішінде Гүлнұр Оразымбетова бар. Бүгінде бір шаңырақтың ұйытқысына айналған өнер жұлдызы жауап бермейтінін кесіп айтты.

"Қойшы, жауап бермеймін ұят қой. Біреудің келінімін, ұят емес па? Айтпаймын", - дейді Гүлнұр Оразымбетова.

Ал Нағима Есққалиева өткенін есіне алып, сегізінші сыныпта бұл қадамға барғанын жасырмаған. 

"Бірінші сүйскенім сұмдық болды. Сегізінші сыныпта. Мен ұшып кеттім", - дейді Нағима Есқалиева.

Талқылау