Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сегізінші қабаттан үшіншіге түскен: Нұр-Сұлтанда бір жастағы бала пәтердің баспалдағынан құлап кетті

Нұр-Сұлтанда бір жастағы бүлдіршін көпқабатты үйдің баспаладағынан құлап кеткен. Ол сегізінші қабаттан 3 қабатқа дейін ұшып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

бала

Оқиға 13 маусым күні орын алған. Үйде болған баланың анасы, әжесі мен басқа да аға-әпкелері ашық қалған есіктен шығып кеткен баланы байқамай қалған. 

Өз кезегінде полицейлер балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды. 

Жыл басынан бері елордада осыған ұқса 13 жайт орын алған. Екі бала терезеден құлап ажал құшқан. ПД өкілдері мұндай жағдайлар көбіне ересектердің бейқамдылығынан болады дейді. 

Еске салайық, балалардың биіктіктен құлап кетуін алдын алу үшін Қазақстанда балалар оқыстан көз жұмбауы үшін терезеге қойылатын темір торға қатысты талаптарды қатаңдатылатыны жайлы айтылған еді. 


Қызылордада екі жастағы бүлдіршін көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

STAN.KZ
Дүйсенбі, 15 Маусым, 2020 15:11
Талқылау