Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сегіз жігіт біреуге жабылған: Атырау облысында аяусыз адам өлтіру ісі бойынша сот басталды 

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық сотында 30 жастағы Азамат Қалбағаевтың өліміне қатысты іс басталды. Индер ауданы Есбол ауылының тұрғынын 8 адам жабылып өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Ақ Жайық” басылымына сілтеме жасап.

29 және 30 жастағы сотталушылар Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлімінің 7-тармағы бойынша (адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру) бабы бойынша айыпталуда. 

Ақпан айында басталған сот процесі аяқталуға жақын қалды. Қазіргі уақытта тараптардың пікірталасы жалғасуда. Прокурор Нұрболат Әбілов сотталушыларға 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. 



Оқиға өткен жылдың 8 тамызында болған. Бір топ ерлер Азамат Қалбағаевты жалған себеппен үйден шығарып алып, ауыл сыртына алып кеткен. Ол жерде Азаматты аяусыз соққыға жығып, арматурамен ұрған. Ақыр соңында Азаматтың сау тамтығын қалдырмаған. Аяқ-қолын сындырып, басын жарған. Жергілікті тұрғындар Азаматты тауып, ауруханаға жеткізгенімен, ол қабылдау бөлмесінде көз жұмды. 

Талқылау