Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Седов ауыр атлетикадан ел чемпионатында шу шығарды (фото)

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі, 2009 жылғы әлем чемпионы, 94 келіде сынға түсуші Владимир Седов, Талдықорғанда өтіп жатқан ел чемпионатында ыңғайсыз қылық танытты.

photo_65531

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Седов ел біріншілігінде де 94 келіде сынға түсуі керек болған. Алайда ол алаңға шыққанымен, зілтемірді көтермеді. Оның орнына спортшы үстіндегі ақ жейдесін шешіп, “Міне сендерге олимпиада чемпионы!” деп айқайлап көрермендерге қалай лақтырып жіберді.

photo_65534

Жейдеде ресейлік зілтемірші Александр Иванов бейнеленген. Орыс спортшысы 2012 жылы Лондон олимпиадасында қазақстандың Илья Ильиннен ұтылып қалған болатын.

photo_65536

photo_65540

Осы оқиғадан соң 94 келі салмақта Қазақстан чемпионы атағына 396 келі (180+216) көтерген Денис Уланов ие болды. Ал төрешілер алқасы, спорттық киімнің сыртынан артық жейде киіп шыққаны үшін Седовқа ескерту жасалғанын айтты. Әзірге оның мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз. Ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни кейінірек түсініктеме бермек.

Еске сала кетсек, Владимир Седов 94 келі салмақта Азия  чемпионатында жеңімпаз атанып Рио олимпидасы жолдамасын иеленген болатын. Сол сында бүгінгі чемпион Денис Уланов 85 келіге дейін сынға түсіп алтын еншілеген еді.

 

Талқылау