Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сайқымазақтар сияқты күтіп тұрмыз": Алматы әуежайында жолаушылар Таиландқа ұшатын рейстің жеті сағаттан аса кешіккеніне шығамданып жатыр

SCAT әуе компаниясы жолаушыларының "Алматы-Пхукет" чартерлік рейсі кешіктірілді. Ұшақ 28 наурызда түнгі 01:35-те ұшуы керек болған. Алайда жеті сағат өтсе де, адамдар бортқа отыруды күтіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BES.media порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Фото: Видеодан скрин

"Сағат 01:35-тен бері ұша алмай отырмыз. Әуежайдамыз. Әр сағат сайын ұшуымызды уәде етеді. Ұшақ сынып қалды, басқа борт жоқ деп айтты. Оны жөндеп жатырмыз дейді. Мұнда 200 жолаушы, балалар да бар... Біз шай да ішкен жоқпыз, дұрыс ұйықтай да алмадық. 7 сағат күттік. Бұл мүмкін емес. Барлық ұшақ ұшып кетті", – деп жазды рейс жолаушысы. 

Сонымен бірге ол әуе компаниясының ресми чатындағы мессенджерден хабарламаны жіберді.

"Сәлеметсіз бе! Өкінішке қарай, рейстің кешігуі өндірістік қажеттілікке байланысты болды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Аталған рейс чартерлік. Сіз туроператорға немесе билетті сатып алған орынға жүгінуіңіз қажет", – делінген SCAT әуе компаниясының жауабында.

SCAT әуе компаниясы редакцияның рейстің кешігуіне қатысты сұрағына жауап берді.

"Жолаушылардың қауіпсіздігі – басты басымдық. Ең болмашы күмән туындаса да, мәселе шешілмейінше немесе ұшақ алмастырылмайынша рейс орындалмайды", – деп мәлімдеді SCAT әуе компаниясының PR & Marketing департаментінің басшысы Виктория Старожилова.


Еске салайық, бұған дейін SCAT әуекомпаниясының жолаушылары Атырау әуежайында қалып қойғанын жазған едік. 29 қыркүйек күні сағат 10:40-та 140-қа жуық жолаушы Шымкенттен ұшып, Ақтауға 13:00-де жетуге тиіс болған. Бірақ ауа райының қолайсыздығынан ұшақ бағытын өзгертіп, Атырау әуежайына қонды. Жолаушылардың айтуынша, оларды ұшақтан түсіріп, Шымкентке кері рейске тіркеу туралы хабарлаған. Шымкент тұрғындары қайтып оралса, Ақтау тұрғындары әуежайда қалды.

Талқылау