Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Scat әуе компаниясы Шымкент-Санкт-Петербург бағытында рейс ашпақ

Қазақстандық Scat әуе компаниясы Шымкент-Санкт-Петербург рейсін ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: flickr.com

Ақпарат Telegram-дағы арналарда пайда болды. Онда Көлік министрлігі әуе компанияны Шымкент-Санкт-Петербург-Шымкент бағыты бойынша тұрақты рейстерге ресми тасымалдаушы етіп тағайындағаны жазылған.

“Бұл бағытта әзірге ұшу кестесі немесе билеттер жоқ. Қазір "Россия" Пулководан Алматыға, ал SCAT Астанаға ұшады”, – делінген хабарламада. 



Ал Scat әуе компаниясы Ресейдің мәдени астанасына рейстер ашу жоспары барын хабарлаған. 

"Қазір компания 2025 жылға арналған жаңа рейстерді ашу кестесін жоспарлап жатыр. "Шымкент-Санкт-Петербург" бағытын ашу жоспарда бар. Толық ақпарат кейінірек беріледі", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда ауа райының қолайсыздығына байланысты Шымкенттен ұшатын SCAT ұшағы әуежайға қонбай, Атырауға кетіп қалғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Бейсенбі, 09 Қаңтар, 2025 17:53
Талқылау