Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сбербанк клиенттердің оқиғалары конкурсын жариялайды

Сбербанк Қазақстан Банкпен байланысты "Клиенттердің оқиғалары" атты республикалық конкурсын бастайды. Өз оқиғаларын жазған және конкурсқа қатысуға өтінім берген клиенттер құнды жүлделер ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Бас жүлде – екі адамға Дубайға жолдама.

сбер

Конкурс Сбербанктің 180 жылдығына және оның Қазақстандағы табысты жұмысының 15 жылдығына арналады. 

Конкурстың мәні мынадай: Сбербанкпен байланысты жанға жылулық беретін, шабыттандыратын, күлкілі, әсерлі немесе қызықты жеке оқиғаңызбен бөлісу қажет. 

Конкурсқа кәмелеттік жасқа толған және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын банктің клиенттері қатыса алады. Қатысу үшін сайтта тіркеуден өтіп, өзіңіздің оқиғаңызды жіберуіңіз керек. Оқиғалар қазақ және орыс тілдерінде, көлемі 1000 белгіден кем болмайтын (бос орынды есептегенде) мәтіндік форматта қабылданады. Оқиғалар нақты Банкпен байланысты қызықты бір желімен өрбуі тиіс. Конкурсқа қатысушылардың оқиғалары банктің мерейтойға арналған сайтында және әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланады. 

Конкурстың қорытындысы бойынша жиырма бес қатысушы жеңімпаз атанады. Жүлде қорында екі адамға Іле Алатауы баурайындағы шипажайға екі күндік жолдама, MacBook Pro, Meloman дүкеніне сыйлық сертификаты, Okko онлайн-кинотеатрының премиум-пакетіне жазылымдар және т.б. сыйлықтар бар. Бас жүлде – екі адамға Дубайға бес күндік жолдама. 

Ұтыс ойыны 29.10.2021 ж. Instagram ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді. Жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталады. Сонымен қатар ең қызықты оқиға жазған үш қатысушы арнайы номенацияға ие болып, Сбербанктен жүлделер алады.

Биыл Ресей Сбербанкі өзінің 180 жылдығын және Қазақстандағы оның еншіліс банкі 15 жылдығын атап өтетінін естеріңізге саламыз. Банк өзінің мерейтой жылында акцияларды, жүлделер ұтыс ойындарын, мәдени жобаларды және әлеуметтік бастамаларды қосқанда, бірқатар іс-шаралар өткізеді.

Осылайша, Сбербанк, ең әуелі, өзінің клиенттеріне деген құрметін білдіреді және оларға артқан сенімдері мен орнатқан серіктестіктері үшін алғыс білдіреді.

Қатысу шарттарымен және оқиғалардың жазылу үлгілерімен сілтеме бойынша танысуға болады.  

Дидар Халық
Дүйсенбі, 11 Қазан, 2021 13:30
Талқылау