Сайрамда молда мешітте өзін өлтірмек болған ер адамды құтқарып қалды
Оқиға 26 қаңтар күні Сайрамдағы «Махалла орталық мешіті» аталатын шағын мешітте орын алған. Жергілікті молда Тұрсынқожа Ханходжаев мешітте өзін өлтірмек болған ер адамның өміріне араша түсіпті, деп хабарлайды TVK арнасына сілтеме жасап Stan.kz.
Дін қызметкері мешіттің шағын қоймасынан мойны мен бетінен қан саулаған ер адамды көрген. Ер адам мас болғандықтан, имам оны үйіне жібермек болған. Алайда ер адам газ қазандықтың құбыршегін жұлып алып, өзіне қарай газ жіберіп, артынша от тұтатыпты. Имам бірден өртене жөнелген ер адамның үстіндегі отты сөндіріп, оқиға орына жедел жәрдем, өрт сөндірушілер мен полиция шақырған.
«Оның үсті-басығ күртесі мен қолы түгелдей жана бастады. Беті мүлдем көрінбеді. Мен есім шығып, өртті сөндіріп, адамдарды көмекке шақыра бастадым. Мұнан кейін жедел жәрдем шақырдым. Олар жеткенше ер адаммен сөйлесіп, неліктен мұндай әрекетке барғанын сұрадым. Ол өзіне назар аудартқысы келгенін айтты. Ол мешітке бұрыннан бері келіп тұратын. Ішімдік ішеді. Отбасында қиындықтар болған», – дейді молда Тұрсынқожа Ханходжаев.
Денесі күйіп қалған ер адам алдымен Шымкенттегі №1 қалалық аурханаға жеткізілді. Мұнан кейін ол гипербариялық оттегілеу орталығына ауыстырылд күйік жарақаты бөліміне ауыстырылды. Ер адамның қазіргі уақыттағы жағдайы әзірге белгісіз.
Оқи отырыңыз:
Елімізде алты күнге созылған аяз салдарынан 350-ден аса қазақстандық үсіп қалған
Ақтауда 15 жастағы каратэші бала өзіне тап берген 4 еркекті ұрып тастады
Алматы ІІД дәріден уланып көз жұмған 12 бала туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Алматыда 9 балалы отбасы құдықтың суы қатып қалғандықтан қар ерітіп қолдануға мәжбүр (видео)