Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 15 жастағы каратэші бала өзіне тап берген 4 еркекті ұрып тастады

Ақтауда 15 жастағы каратэші бала өзіне тап берген 4 ер адамға төтеп берді, деп хабарлайды «Тумба» басылымына сілтеп Stan.kz.

Оқиға бірнеше күн бұрын орын алған. Александр Баландин жаттығудан үйіне қайтып келе жатқан. Ол қараңғыда алдынан шыққан 4 адамға назар аудармаған. Алайда олардың біреуі жасөспірімді балағаттай бастаған. Оған өзгелері де қосылыпты. Сабырлық сақтаған Александр ер адамдардан мазасын алмауын сұрайды. Осы кезде ер адамдардың бірі оқушыны өзіне қарай тартып қалып, ұрып жіберген. Александр ер адамның бұл әрекетіне жылдам жауап беріпті.

«Ойлануға уақыт болмады. Мен қарсыласыңды аздаған уақытқа тепе-теңдіктен айыруға мүмкіндік беретін тәсілді қолдандым. Мұнан кейін екінші ер адамға төтеп беруге тура келді. Тап берген үшіншісін де сұлатып салдым. Осы кезде төртінші ер адам ішімнен ұрып жіберді. Бірақ оған да төтеп бердім. Осы кезде ер адамдардың бірі қайта шабуылдады. Бірақ оны сұлатып салдым», – дейді 15 жастағы Александр.

Мұнан кейін жасөспірім оқиға орынан тайып тұрған. Себебі өзіне тап берген ер адамдар қару қолданады деп қорыққан.

Александр Баландин – Еуразия біріншілігінің чемпионы, әлем бойынша қола жүлде иесі.

«Күйеуім екеуіміз ұлымызбен мақтанамыз. Бірақ алдағы уақытта мұндай оқиға болмаса екен. Жалпы, оның таңдауы үшін қуаныштымыз. Бұл жай ғана дене күші, денсаулық емес, алдымен тәрбие болып табылады. Кішкентай кезінде бұзық болатын. Ал қазір бізге кеңес бере алатын ойлы адам. Ол – біздің мақтанышымыз», – дейді Александрдың анасы.

Оқи отырыңыз:

Алматы ІІД дәріден уланып көз жұмған 12 бала туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Алматыда 9 балалы отбасы құдықтың суы қатып қалғандықтан қар ерітіп қолдануға мәжбүр (видео)

Атырау облысында қасқырдың қаншығы арланды өлтірген ауыл тұрғындарынан кек алуда

Ақтөбелік кәсіпкер жетім балаларды аяқ киім жөндеуге үйретіп жүр

Талқылау