Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Саяси тұрғыдан қудалау емес пе": Астананың экс-әкімі елші қызметіне тағайындалуын түсіндірді

акимФото: akorda.kz

Астананың бұрынғы әкімі, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Алтай Көлгінов Ақорданың кулуарында өз жұмысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Журналистер оның елші қызметіне тағайындалуы саяси тұрғыдан қудалауға тең келмей ме деп сұрады.

“Елші халықаралық деңгейдегі жауапты саяси лауазым, сондықтан мемлекет маған елші ретінде қызмет атқаруға сенім білдіргенін мақтан тұтамын", - деді Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, ол Астана әкімі болып тұрған кезіндегі сынға қатысты да ойын айтты.

"Қалаға қатысты сын әрдайым болды және бола береді. Бұл заңды нәрсе, себебі президент қаланың дамуын тікелей бақылап отырады, өйткені Астана еліміздің басты қаласы және мемлекеттің негізгі қақпасы.

Егер тарихқа көз жүгіртсек, президент үнемі қаланың дамуын қадағалап келеді. Президент сын айтқанда, бұл қаланы дамытуға және қолдауға әсер етеді. Үкімет те қолдау көрсетеді. Бұл қалыпты жұмыс процесі”, - деді ол.

Ол ЛРТ жобасына да тоқталды. Оның айтуынша, жобаны тұрғындар бағалайтын болады.

"Неліктен менен бұл туралы сұрап жатқандарыңызды білмеймін, мен де осы жобамен айналысқандықтан шығар. Біз де 3,5 жыл жұмыс істедік. ЛРТ жобасы аяқталып қалды, жақында тұрғындар қоғамдық көлікті пайдалана алады деп үміттенемін, бұл жолдардағы кептелісті де азайтады", - деп түйіндеді Алтай Көлгінов.

Естеріңізге сала кетейік, Алтай Көлгінов 2019 жылдың маусымынан бастап Астана әкімі болып қызмет атқарды. Ол бұл қызметтен 2022 жылдың желтоқсанында босатылған болатын.

Одан кейін Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл лауазымды ол 2023 жылдың маусымына дейін атқарып, 2024 жылдың наурызының соңында Қазақстанның Эстониядағы елшісі болып тағайындалды.

 

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 17 Қараша, 2025 18:08
Талқылау