Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саясаттанушы: Әлеуметтік желіге ортақ тәртіп орнататын жүйе құру керек

Саясаттанушы Самат Нұртаза Қазақстанда әлеуметтік желіні қадағалайтын жүйе құру керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Жалпы біздің Елде интернетті қадағалайтын, әлеуметтік желіге ортақ тәртіп орнататын жүйе, қызмет, штаб керек сияқты. Аяның ажалы, Тұрсынбектің қызына шүйлігу, ресми ақпаратты бұрмалау – осының барлығы бір орталық қызметтің, жалпылама әлеуметтік желіні қадағалайтын орталықтың болмауынан шығып отыр”, – деп жазды саясаттанушы Facebook парақшасында. 

Оның айтуынша, қазір адамдар пікір айтамыз деп жеке басқа шығып кетеді. Сондықтан желідегі буллингты тежейтін кез келді. 

“Әрине, әр адам өз пікірін айтуға құқылы, алайда пікір айтамыз деп жеке басқа шығып кететіндер жетіп жатыр. Интернет сұхбаттың, онлайн қарым-қатынастың этикасы жоқ. Боқтық, блапыт, анайы сөздер желіде жауапкершіліксіз жазылып жатады.

Желідегі буллингты бір тежейтін кез келген сияқты. Фактсыз, жалпылама айыптаған адамдарды жауапқа тартатын кез келді. Фейк аккаунттарды блоктайтын кез келді. Мемлекет интернет пен онлайн сұхбаттың этикасын бір адами арнаға салу керек. Әйтпесе лағып барады мына Фейсбук”, – дейді ол. 


Қазақстанда шетелдік әлеуметтік желілерді шектеу туралы заң жобасы мақұлданды

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 15 Қыркүйек, 2021 18:00
Талқылау