Саясаттан кеткен Қиынов енді бар өмірін немерелеріне арнамақ
Елдегі екінші адам қызметінде қалды. Сенат депутаттары бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевты төраға етіп қайта сайлады. Оның кандидатурасын Елбасы ұсынған болатын. Ескі де жаңа төрағаны сенаторлар бірауыздан қолдаған, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Сурет: m.forbes.kz
Тоқаев конституция бойынша президентттен кейінгі елдегі екінші лауазымды қызметті 2013 жылдан бері атқарып келеді. Бұған дейін премьер-министр, Сыртқы істер министрі, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, бүгін Бектас Бекназаров пен Дархан Қалетаевтың да депутаттық мандаты ұзарды. Ал, Жоғарғы палатада 4 жыл отырған Ләззат Қиынов, керісінше орын тағын босатты. Зейнет демалысына кеткен ол енді немере бағумен айналысамын дейді.
“Немере – ең бастысы. Қазақ айтады ғой өз балаңнан гөрі немереңді жақсы көресің деп. Солай боп тұр”, – дейді Ләззат Қиынов.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстан Сирияға әскерін аттандыруы мүмкін
Бауыржан Мусиннің ісін қарайтын судья ауыспайтын болды
Назарбаев латын әліпбиі бойынша saebiz сөзінің жазылуы туралы түсіндіріп берді
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы 7 жарым жылға сотталды