Турист қыз суреттеріне қарап отырып бүлдіршіннің сағатын ұрлап алғанын байқады (фото)
Саяхатқа шыққан қыз біраз уақыт бойы сағатының жоғалғанын байқамай жүрген. Оны тек суреттерді көріп отырғанда бір-ақ білген, деп жазады Daily Mail.
Reddit пайдаланушысы дәстүрлі киім киген екі бүлдіршінің суретін жариялады. Олар қыздың екі қолынан ұстап тұр. Сурет Тайландтың Чиангмай провинциясында түсірілген.
Суретке бүлдіршіннің қыздың қолындағы сағат бауын шешіп алып тұрған сәті түсіп қалған. Өзге қолданушылар да бұл қыздарды көргендерін, оларды да тонап кеткенін айтып жатты. Өзгелері екі бүлдіршіннің туристерді тонайтын арнайы ұйымдасқан топқа кіретінін айтады.
Суретті түсіруші ер адам саяхатшы қыз екеуінің шіркеуге кірер алдында аздап ішімдік ішкенін, сондықтан сағаттың жоғалғанын оған дейін білмегенін мойындады.
Жіберіп алмаңыз:
Француз ғалымы перғауын оқиғасын зерттеген соң ислам дінін қабылдаған
17 жастағы “Мәскеу аруы” пәктігін сату үшін Дубайға кетті (фото)
Қызойнағында танымайтын жігітпен сүйіскен қалыңдық күйеу жігітінен айырылды (фото)