Саяхатшылардың вакцина салдырғанын растайтын құжаты болу керек: ДДСҰ айтып берді
ДДCҰ денсаулық саласындағы шұғыл бағдарламасының директоры Майкл Райан иммундық паспорт енгізуге қатысты өзгерістер болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттіггі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Егер сіз төтенше жағдай комитетінің халықаралық саяхатшыларға вакцинаны растау туралы ұсынысына қарасаңыз, онда әзірге болмайды деп жазылған. Бірақ бұл мәселе әлі де қарастырылатын болады. Алдағы уақытта иммундық паспорт енгізілуі мүмкін. Қазір бізде нақты деректер жоқ. Оған қоса, әлемде барлығы вакцинаға қол жеткізе алмайды. Вакцинаны тек әлеуметтік қызметкерлер мен денсаулығы нашар адамдар ғана ала алады", - дейді Райан.
Ол төтенше жағдайлар комитеті қазіргі уақытта адамдардың қозғалысына қосымша шектеулер енгізбейтінін айтты. Бұл вакцина пайда болғанға дейін жалғасады.
- АҚШ-та коронвирусқа қарсы Pfizer вакцинасын алған дәрігер қайтыс болды
- Вакцина салдырғаны үшін 200 мың теңге сыйақы берілетінін естіген алматылықтар емханаларды торуылдауда
"Жағдай уақыт өте келе өзгереді, ал болашақта саяхатшының вакцина салдырғанын растау ережесі енгізілуі мүмкін", - деп қосты сарапшы.
Еске салсақ, осыған дейін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы вакцинация кезінде неге мән беру керек екенін айтқан.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
