Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саябаққа жасырын кіріп, батут орнатқан: Парк әкімшілігі Қарағандыдағы жағдай жайлы

Қарағандыда 11 жастағы бала көз жұмған батутқа қатысты саябақ әкімшілігі күтпеген мәлімдеме жасады. Айтуларынша, аттракион иесі саябаққа жасырын кіріп, онда батутты заңсыз орнатқан, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қарағанды саябағындағы бала өлімі: батутты орластырған аттракцион иесі ұсталды
«Мәденит және демалыс парктерін және қоғамдық саябақтарды басқару» мемлекеттік мекемесінің қорғаушысы аттракцион иесінің батутты сүйреп әкеліп, оны үрлеп, саябақтың ортасындағы бос орынға әкеп орнатқанын айтты.

Бірақ, саябаққа рұқсатсыз аттракцион орнатқан батут иесін парк қызметкерлері сағат 15.00-де бір-ақ тапқан. Ал, саябақ қызметкерлері оған батутты алып тастауын өтінгенде, ол рұқсаты бар екенін айтқан. 

«Бірақ, ол рұқсат қағазды өзімен бірге алып келмедім деді. Ал, оның дәлелдерін тексергенде, рұқсаты жоқ екенін анықталды. Оның үстіне батут аттракционға жатпайтындықтан, оны орнату кезінде де арнайы талаптар жоқ. Бұл дұрыс емес, батуттар аттракционмен теңестірілуі керек және олар үшін қауіпсіздік талаптары болуы тиіс»,- дейді  адвокат Ержан Тұрымбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда Орталық қалалық мәдениет және демалыс саябағында Қарағанды ​​қаласында күшті желдің салдарынан батут аударылып, бір бала қайтыс болды. Қайғылы оқиғадан кейін батутты орналастырған аттракцион иесі ұсталды

Талқылау