Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Саунада сауық құрған": Алматы облысында судья қызметінен босатылды

Алматы облысында моншада сауық құрған тағы бір судья қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сауна

Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Дінмұхамед Сейітов президент жарлығымен қызметінен айырылды.

"Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Дінмұхамед Сейтов тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы сот алқасының шешімі бойынша өкілеті тоқтатылып, қызметінен босатылсын", - делінген жарлықта.

Еске салайық мамыр айында әлеуметтік желілерде саунада түсірілген бейне пайда болды. Онда видео авторы жолдастарымен демалыcы туралы әңгімелейді және олардың қатарында Алматы облысы аудандық сотының судьясының бар екенін айтқан. 

Аталған факті бойынша ҚР бас прокуратурасы тескеріс жүргізетінін мәлімдеді.

Кейіннен бас прокуратурада саунада сауық құрған Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаевтың қызметінен босатылғаны туралы хабарлады.

Талқылау