AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәуле Әбілдаханқызы: Қаңтардағы қырғынды осылар жасағанын біле тұра енді хиджаб тағуға рұқсат еткен бе?

Сәуле Әбілдаханқызы оқушылардың хиджаб киюіне қарсы шықты. Тележүргізуші оқушыларды жайына қалдырды сұрап, бірінші кезекте білім мәселесін шешуді талап етті. Мектепте әркімнің  құқығы емес, ортақ тәртіп болуы керек деп ашынды. 

Бұл туралы Әбілдаханқызы желідегі парақшасында жазды. Журналист қаңтар оқиғасын еске салды. 

“Қаңтардағы қырғынды дәл осы діни ағымдағылар жасағанын 1000% біле тұра, енді билік олардың одан сайын жайылып, құтыруына қолайлы жағдай жасап, мектеп оқушыларына орамал тартуға (хиджабқа) рұқсат берген бе?...

Парадокс… Егер солар сол кезде билікті тартып алғанда, бүгінде ұлтшылдар да, басқалар да түрмеде отырар ма еді, кім білсін. Олар өте агрессивный ғой... сақалиттермен өмір бойы ашық қарсы келген біз сияқты ұлтшылдар осы күні атылып та кеткен болар едік-ау...

Мектеп оқушыларына арнап бекітілген ортақ заң, біркелкі мектеп формасы деген жаман ба???”, – деп жазды.

Мектепте заң мен талап ортақ болу керек деген ойын айтты. Дін мәселесін мектеп қабырғасына араластырмауды сұрайды. 

“Алаланып-құлаланып, қырық сідікке бөлініп біткен жоқпыз ба? Мемлекет болашағына зиянды, қауіпті мәселеде "өз құқығы" деген түсінік жүрмеу керек. Өз құқығың - өз үйіңде. Ал қоғамдық, мемлекеттік орындарда - қоғамға зиянсыз, мемлекет болашағына зиянсыз, Тәуелсіздігімізге қауіп төндірмейтін ортақ құқық, ортақ ереже, ортақ заңдар орындалуы тиіс. Дін мәселесі жай ғана Құдай, Құран, намаз, орамал емес екенін қаңтар көрсеткен жоқ па? Дін деген - жат пиғылдағы төңкерісшілердің басты идеологиялық қаруына айналған жоқ па??? Тәуелсіздігіңнен айырылып, мәсі мұрт, не қабасақалдардың бірі таққа отыра жаздаған жоқ па???”, деп жазды Әбілдаханқызы.


Қолыңыздан келмесе, отставкаға кете салыңыз”: Айгүл Орынбек білім министріне қарсы шықты


Журналист қыз бала әкенің ықпалымен орамал тағуға мәжбүр дейді. Ал министр дәл осы мәселеде жауға жақтасқандай әрекет жасады дейді тележүргізуші. 

“Егер сол кезде Тоқаев қолын бір сілтеп, қырғыз президенттері ұқсап шетелге қашып кеткенде не болар еді деп әлі күнге дейін ойлаймын... ойлаған сайын денем түршігеді... бізді бұл жолы Құдай сақтады... құрбандық та ауыр болды… Кіп-кішкентай қызын мәжбүрлеп орап қоятын әкелердің өздерінде саналы түрде яки түпсанасында кішкентай қыз көрсе қоза беретін педофилиялық гармон басым болғаны ғой...

Ауғанстанға бір қадам жақындау деген сөз ғой... Сенген Асхат Аймағамбетовым жауға қақпаны ашып бергендей күйде отырмын... Министр дәл солай айтқан болса, факт, дәлел, видео жариялаңдар. Айтпаған болса, министрді жұлмалап, оны кетірудің жаңа кезеңі басталғаны”, – деп жазды ол. 

Алайда тележүргізуші кейіннен өз ұсынысын айтты. Ол бастауыш псынып оқушылары бантик, одан жоғары сыныптар кішкентай орамалша тартсын деп жазды. 

“Былай келісейік. 1-4-сынып қыздары бантик тақсын. 5-сыныптан бастап өз қалауы бойынша шаршы (косынка) тартсын (арт жағына байланатын кішкентай орамал, хиджаб емес!) Түсі ақ, көк, қызыл... мектеп формасының түсіне, матасына сәйкес болсын. Тек қара болмасын.

Аздаған деталь ретінде ұлттық әшекей бұйым (сырға, білезік) тағуға рұқсат берсін. Шаршы орамалдың орнына соңғы кезде сәнге айналған әшекейлі тақия киюге де болады. Немесе... біркелкі болсын десек, не шаршы орамал, не тақия - екеуінің бірін таңдайық. Ұлттық идеологияның мөлдір бұлақ бастауы деген осы… Бойжеткеннің басы (төбесі) жабық жүргені жақсы екенін білемін... тылсым қара энергия философиясын түсінетіндер түсінеді... (әжеміз әжетханаға жалаңбас кірмеңдер дейтін”, – деп жазды Сәуле ханым. 

Желі қолданушылары оған жауап ретінде хиджабқа қарсылығын білдірді. Енді бірі қолдайтынын айтты. Енді бірі екі түрлі пікір жазған тележүргізушінің сөзін түсінбей дал болды. 

Айта кетейік, мектеп формасы көпшілік арасында қызу талқыға түсіп жатыр. 

Бұл мәселеге қатысты министр Аймағамбетов пікір білдірді. Қазақстанда енді оқушы қыз балаларға мектепке орамал тағып келуге рұқсат берілуі мүмкін. Білім және ғылым министрлігі ата-анасы орамал тағуға тыйым салғандықтан мектепке баруға рұқсат бермей отырған оқушыларға қатысты ережені жеңілдетпек.

Талқылау
Пікір
Мейрамбек
16 Мау, 22 жыл - 21:53

Министр мырза, орамал тағуға рұқсат берсеңіз, өте керемет. Таққысы келмегендер, тақпай боп жүре берсін, орамалды да, хиджапты емін-еркін оқушы  қыздарымыз кие алатын дәрежеде болуымыз керек. Сонда ғана оның оң нәтижесін көре аламыз. Мұсылман парызына тиым салу дұрыс емес. Жақсы нәрседен қашып керек емес, ұятты-арды ойлаған кіші кезінен біліп өскен қыздан, жақсы адам да қалыптасады. Ал, жартылай жалаңаш өскен қыздан, жақсы ана шығуы да екіталай.

Сардар
12 Мау, 22 жыл - 00:23

Сиздин ойынымен келісемін.Бул хабарды естигенде менде ойлап едим,елимизди кыргынға салгандарга неге руксат береди деп

Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр