Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауықтыру массаж орталығы атын жамылған: Алматыда элиталық притон анықталды

Алматыда Медеу ауданындағы зәулім үйлердің бірінде сауықтыру массаж орталығы атын жамылған элиталық жезөкшелері бар бордель жұмыс істеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оны Алматылық полицейлер қалада жедел іс-шаралар жүргізу барысында анықтады.

Белгілі болғандай, притон қызметкерлері тұрақты, сенімді клиенттерге ғана қызмет көрсеткен. Тексеру кезінде 23 жезөкше ұсталды.

"Жалпы, бұл бизнесті алға жылжытатын негізгі алаңдар - хабарландырулар, танысу сайттары және танымал мессенджерлер. Мысалы, бұл жеңіл жүрісті әйелдер өз істерін сауықтыру массажымен жамылды. Жалпы, түнде 23 жеңіл жүрісті әйел ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді, олардың үшеуі Өзбекстаннан келді, қалғандары - біздің отандастарымыз, негізінен Түркістан және Жамбыл облыстарының тұрғындары. Әкелінген әйелдердің жеке басы заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғына тексерілді", - деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Еркін Іңкәров.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жезөкшелікпен айналысуға үй-жай берген ғимарат иесі, сондай-ақ, жезөкшелер үйін ұйымдастырушы да жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

STAN.KZ
Сейсенбі, 22 Желтоқсан, 2020 07:15
Талқылау