Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауда министрі тауарларға шекті баға қандай жағдайда енгізілетінін айтты

ҚР cауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өнімнің негізгі түрлерінің бағаларын тұрақтандыру туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттік.

Министрлік мұндай жүйе өнімдерге сұраныс қайта артатын болса ғана енгізілетінін түсіндірді. Елімізде коронавирустың бірінші толқыны кезінде өнімдерге деген сұраныс өте жоғары болғандықтан, бағалар күрт қымбаттап кеткенін айтты. 

"Біз максималды бағалардың нарықтық емес механизмін енгізуге мәжбүр болдық. Осы уақыт аралығында өңірлерде азық-түлік қорларын, арнайы қорларды құру, сондай-ақ (бөлшек сауда) ресурстарды бөлу үшін, оларды белгілеу үшін мемлекеттік органдармен, кәсіпкерлермен көптеген жұмыстар жүргізілді. Жазда біз кейбір азық-түлік тауарларының бағасының төмендеуін байқадық. Егер бағаның қайта өршу қаупі байқалса, тұрақты бағалар орнатылатын болады. Бірақ бұлай болмайды деген үміттеміз", - деді Бақыт Сұлтанов.

Айта кету керек, 4 сәуірде Қазақстанда төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне шекті бағалар белгіленді.

Төтенше жағдайдың алынып тасталуына байланысты мамырдан бастап шекті баға алынып тасталды.

Талқылау