Сауд Арабиясы Иранның соққысынан кейін Катардың ықтимал жауабын қолдады
Фото: Sergey Elagin / Global Look Press
Сауд Арабиясы Катар аумағына зымыранмен соққы жасаған Иранды айыптап, оған халықаралық құқықты бұзу және агрессия актісі деген баға берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сауд Арабиясы корольдігінің сыртқы істер министрлігі X әлеуметтік желісінде жазба жариялады.
“Сауд Арабиясы бауырлас Катар мемлекетіне қарсы Иранның жасаған агрессиясын ең қатаң түрде айыптайды. Бұл әрекетті халықаралық құқық пен тату көршілік қағидаттарын өрескел бұзу, ешбір жағдайда ақтап алуға келмейтін, мүлде жол берілмейтін акт деп есептейді", – делінген жазбада.
Жазбада корольдік билігі Катардың жағында екені және Доха қажет деп санаған кез келген шараны қолдау үшін барлық қолда бар ресурстарын пайдалануға дайын екені көрсетілген.
#Statement | The Kingdom of Saudi Arabia expresses its condemnation and denunciation, in the strongest terms possible, the aggression launched by Iran against the brotherly State of Qatar, which constitutes a flagrant violation of international law and the principles of good… pic.twitter.com/XHueCFXRcc
— Foreign Ministry 🇸🇦 (@KSAmofaEN) June 23, 2025
Бұған дейін Трамп Израиль мен Иранның атысты тоқтатуға келіскенін мәлімдеген еді.

Ирандағы шиеленістен соң мұнай құны өссе, Қазақстанда доллар бағамы төмендей ме – Сарапшылар жауап берді
