Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясы билігі әлем чемпионатында алкоголь сатылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Фото: Pixabay.com

Сауд Арабиясы билігі халықаралық БАҚ-тың алкогольге салынған тыйымды алып тастау туралы хабарын жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Al Ain басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сауд Арабиясы үкіметі алкогольді сату мен тұтынуға 73 жылдық тыйым 2026 жылы жойылуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін The Economic Times және басқа да бірқатар басылым Сауд Арабиясы 2026 жылдан бастап 600 туристік алаңда шарап, сыра және сидрді бақылаумен сатуға және тұтынуға рұқсат беретінін жазған. Шешім туризмді дамытуға және 2034 жылғы әлем чемпионатына дайындыққа байланысты деп айтылды.

Британиялық The Sun басылымы Сауд Арабиясы алкоголь 20% деңгейде тек бес жұлдызды қонақүйлер мен экспаттар үшін сатылады деп мәлімдеді. Билік бұл ақпаратты растаған жоқ.

2024 жылдың қаңтарында Эр-Риядта бірінші ішімдік дүкені ашылды. Ол ислам дінін ұстанбайтын шетелдік елшілер мен дипломаттарға ғана қызмет етеді.

Ақпанда Сауд Арабиясының Ұлыбританиядағы елшісі Халид бен Бандар бин Сұлтан әлем чемпионатында алкогольге толықтай тыйым салынатынын баса айтты.

Еске салсақ, Сауд Арабиясында науқастарды жасанды интеллект емдейтін әлемдегі алғашқы клиника ашылғаны айтылды. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 27 Мамыр, 2025 08:49
Талқылау