Сауд Арабиясы өткен жылы 153 қылмыскерді өлім жазасына кескен
Сауд Арабия елі 2016 жылы заңды бұзған 150 адамды өлім жазасына кескен. Таяу Шығыстағы патшалықтың заңдары қатал. Кісі өлтіру, зорлау, анаша тұтыну сынды қылмыстар үшін адам өлім жазасына кесіледі.
Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.
2016 жылы 153 адам өлім жазасына кесілсе, 2015 жылы 158 адам қылмысы үшін дәл осылай жазаланған. Аталған мемлекетте көбінесе кісі өлімі мен анашаны заңсыз тарату тіркеледі. Десе де, 47 адам “террорлық” қылмыстары үшін жазаланған. Олардың барлығы дерлік өткен жылдың қаңтар айынды, бір күн ішінде ұсталған.
Әдетте қылмыскерлердің басын қылышпен алады екен. Amnesty International соңғы жиырма жылдың ішінде дәл осылай көп адамның өлім жазасына кесілмегенін айтып жатыр. Amnesty International басшысы Аллан Хогарт бұл заңның тым қатал екенін айтқан-ды. “Өлім жазасына кескен дұрыс емес. Сауд Арабиясының сот жүйесіне әділдік жетіспейді. Осыншама адамды қалайша өлім жазасына кесуге болады?! Бұл шектен шыққандық”, – дейді ол.
Жіберіп алмаңыз:
9 жасар қызын аяусыз ұрып келген Әсел Төрежігіт ата-ана құқығынан айырылды
Ақтөбеде полицейлер наразылық акциясына шықты
ШҚО тұрғыны бір жыл бойы туған жиендерін зорлап келген
Шымкентте Швециядан келген еркекті асқан хайуандықпен өлтірген