Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәтпаевтағы жаппай тәртіпсіздік: Сот айыпталушыларға үкім шығарды

Қарағанды облысындағы Сатпаев қаласында жаппай тәртіпсіздік әрекеттеріне айыпталған 55 сотталушыға сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сатпаев қаласында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, оған қатысқан және билік өкілдеріне қарсы әрекеттер жасады деп айыпталған 55 сотталушыға сот шешімі шықты

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Кенжебай Ысқақбаев үкімді бүгін жария етті.

Сот 9 сотталушыға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Олар жазасын орташа және төтенше қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде өтейді. АЛл44 сотталушыны төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Тағы екеуін шартты түрде бір жарым жылға соттады.

Сот талқылауы барысында сотталушылар жергілікті полиция бөлімі мен педофилдің көршілеріне келтірілген материалдық залалды өтегені белгілі болды. Тәртіп сақшыларының автокөліктері 26 миллион теңгеге бағаланды.



Еске салайық, 2020 жылдың 23 шілде күні Сәтбаев қаласында 5 жасар қыз бала жоғалып кетеді, кейіннен қыз көпқабатты үйдегі басқа біреудің пәтерінен табылады. Бүлдіршінді зорлады деген күдікпен бір азамат қамауға алынады. Сәтбаев пен Жезқазғанның ашулы тұрғындары күдіктіні қолдарына беруді талап етіп, жанжал шығарды. Тәртіп сақшылары күдіктіні ашулы топтан құтқару үшін оны полиция қызметкерінің формасына киіндіріп, алып шыққан. Осыдан кейін адамдар алаңға жинала бастады және жергілікті полиция бөлімінде тәртіпсіздік ұйымдастырды.

Арадан біршама уақыт өткеннен кейін 5 жасар қызды ұрлап, зорлады деп айыпталған педофил тергеу изоляторының камерасында асылып қалғаны хабарланды.

Талқылау