Сәтбаевта автокөлік бір топ жасөспірімді басып кете жаздады (видео)
Фото: Видеодан скрин
Сәтбаев қаласында көлік жүргізуші қатты жылдамдықпен дәмхана жанындағы жаяу жүргіншілер жолағында тұрған жасөспірімдерді қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлытау облыстық полиция басқармасының мәліметінше, оқиға 25 мамырда Абай көшесі бойындағы дәмхананың маңында болған. Видеодан бір адамның қатты соққыдан жерге құлағанын көруге болады. Оқиға куәгерлері зардап шеккен азаматты орнынан тұрғызып жатты.
“Полиция қызметкерлері мас жүргізушіні бірден ұстады. Жасөспірімдер медициналық тексеруден өтті, қазір олардың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ", – деп мәлімдеді полиция.
Ақтауда жүргізуші екі баланы қағып кетті: Жасөспірімдер жансақтау бөлімінде жатыр (видео)
Алматыда аулада 7 жасар баланы көлік қағып кетті (видео)
Іс материалдары қазірдің өзінде сотқа жіберілді. Үкім жақын арада шығады. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Бұған дейін Жамбыл облысында жаяу жүргіншілер өткелінде екі кішкентай қызды көлік қағып кеткен еді.