Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі Ялтада өткен кинофестивальде бас жүлдені жеңіп алды

Жуырда ғана көрерменге жол тартқан режиссер Ахан Сатаевтың «Анаға апарар жол фильмі» Қырымның Ялта қаласында өткен «Еуразия көпірі» халықаралық кинофестивалінің гран-при иегері атанды. Одан бөлек, фильмде бас кейіпкерлердің бірін сомдаған Алтынай Нөгербек «Үздік әйел бейнесі» аталымын жеңіп алды.

анага апарар

Қуанышты жаңалығымен Ахан Сатаев желідегі парақшасында бөлісті. Халықтан сүйінші сұраған ол түсірілім тобын құттықтады.

Айта кетейік, кинофестивальге Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Италия, Германия, Сербия, Қытай, Оңтүстік Корея, Бельгия, Үндістан, Армения елдері қатысқан. Аталмыш кинофестиваль кезінде атақты режиссер Никита Михалковтың бастамасымен құрылған.

14487195_217128658704920_901818664007761920_n

14590940_545800252296819_8729797942841442304_n

 

Жіберіп алмаңыз: 

Әлия Назарбаева “Анаға апарар жол” фильмінің тұсаукесерінде көз жасына ерік берді

Қазақстандық “Аманат” фильмі “Оскар” сыйлығына ұсынылды

Шетелдік фильмдерді қазақшаға тәржімелеу заң жүзінде міндеттелмек

Қазан айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін фильмдер

Талқылау