Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарымсақ пен зімбірдің бөлек иммунитетті көтеру үшін басқа не пайдалануға болады?

Ресейдің диетолог маманы Маргарита Королева сарымсақ пен зімбірден бөлек, иммундық жүйенің қызметін жақсарту үшін не пайдалануға болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

чеснок

Диетологтың сөзінше, жасушалардың қорғанысын қамтамасыз ететін негізгі элемент цинк екен. Ал минерал ақуызға бай өнімдермен, атап айтсақ, ет, дәнді-дақыл, бұршақ, жаңғақтардың тез қорытылады. Сондай-ақ теңіз өнімдерін пайдаланған дұрыс дейді диетолог. 

"Цинк А дәруменімен жақсы қорытылады. Бұл дәрумен пайдалы майлардың құрамында болады. Мысалы, зәйтүн, жүгері, күнбағыс майлары А дәруменіне бай. Мұнымен бірге Е дәрумені де маңызды. Ол да иммунитеттің түзілуіне ат салысады", - дейді маман. 

Сонымен қатар диетолог В дәрумені мен магнийдің маңыздылығын атап өтті. Сөзінше, бұл пайдалы ферменттерді табиғи өнімдердің құрамынан табуға болады. 

Улы заттарды ағзадан шығару үшін көп су ішу керек дейді ол. Бұған қоса көкөністерді, жемістерді, қайнатылған орамжапырақтың құрамында болатын С дәрумені туралы ұмытпаған жөн. 


Зімбір тамыры: ол несімен пайдалы және кімдерге зиян

Талқылау