Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарбаз Ербаян Мұхтардың Түркиядағы емінің бірінші кезеңі аяқталды

2023 жылдың соңында ми жарақатынан кейін комаға түскен сарбаз Ербаян Мұхтар Түркиядағы емнің бірінші кезеңін аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Ол Түркияда емнің бірінші кезеңін аяқтап, Астанаға аттанды. Бұл туралы құқық қорғаушы Инга Иманбай Instagram парақшасында хабарлады.

"Ербаян екі-үш ай үйінде болады. Басына жасалған отадан кейін толық сауықтыруды бастау үшін оның денесіне біраз уақыт демалу керек. Көктемде ол Түркияға қайта ұшып барып, оңалтудың екінші кезеңін бастайды. Астанада Ербаян нейрохирург, профессор Гөкхан Акдемирдің бақылауында болады", – деді құқық қорғаушы.

Оның айтуынша, жақын арада Ербаянның ата-анасы емделудің бірінші кезеңіне кеткен шығынды есептеп, ұсынады.

Айта кетейік, Ербаян Мұхтар ұлттық ұланның Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген. 2023 жылдың желтоқсанында сарбаз ми жарақатын алып, содан кейін комаға түсті. Әскери бөлім басшылығы сарбаздың туыстарына Ербаянның дәретханада құлап, басын еденге соғып алғанын айтқан. Алайда сарбаздың жақындары ұлдарының абайсызда құлап қалғанына сенбейді. Ішкі істер министрлігі тергеу барысын өз бақылауына алды. 

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар 6 айдан астам комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың емі үшін 230 миллион теңге жинап берді. 27 қыркүйек күні сарбаз Түркияға емделуге жіберілген еді. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Inga Imanbay (@inga_imanbay)

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 27 Қаңтар, 2025 21:25
Талқылау