Сарапшылар теңгенің болашағына қатысты болжам жасады
Төл валютамыз тағы нығая түсті. Бүгін қор биржасындағы доллардың бағамы 314 теңгені құрады. Бұл жайлы КТК арнасы хабарлайды.
Сарапшылар мұны әдеттегідей бір құлдырап, бір көтерілген мұнай бағасымен байланыстыруда.
“Мұнайдың бағасы қалай болады, теңге де соған байланысты өзгереді. Ал енді қазір мұнайдың бағасы 1 баррелі 50 доллардың төңірегінде ғой енді. Ал одан әрі өседі деп айту қиын”, – деді экономика ғылымдарының докторы Әнуар Шелекбай.
Тіпті бағаның түсіп кетуі де ғажап емес дейді отандық мамандар. Естеріңізге салсақ, жуырда ғана Brent-тің құны барреліне 50 доллардан да төмендеп, 4 ай ішіндегі ең төменгі көрсеткішке жеткен болатын.
Кейін қара алтын бағасы қайта көтеріліп, қазір 51 доллардан сатылып жатыр. Әлемдік нарықтағы жағдай осы қалпында сақталса, теңге бағамы да әзірге тұрақты болады дейді экономистер. Бірақ төл валютамыздың бұдан әрі нығаюы екіталай екен.
Оқи отырыңыз:
Қазақстанда өзбекстандық көліктер құрастырылатын болды
Хакерлердің шабуылынан кейін Ұлттық банк қауіпсіздік шараларын күшейтті
Ұлттық банк басшысы Қазақстан банктерінің бірігуіне қатысты пікір білдірді