Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар Android-смартфондардан ақша ұрлай алатын вирустан сақтануды ескертті

Android операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін Fakebank вирусының жаңа нұсқасы гаджеттерге шабуыл жасай алады. Вирустың жаңа түрі  банк қолданушыларының қоңырауын іліп әкете алады.

Бұл туралы Symantec сарапшылары хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қауіпті бағдарлама шығыс және кіріс қоңырауларымен жұмыс істей алады. Вирус жұқтырған смартфонның пайдаланушысы банкке қоңырау шалған кезде бұл бағдарлама қоңырауларды алаяқтаярдың нөмірлеріне жібереді. Арам ниеттер вирус арқылы алынған ақпаратты ақшаны ұрлау үшін пайдалана алады.

Одан басқа бұл вирус тікелей  хабарлама арқылы да жұмыс істейді. Алаяқтар банк қолданушыларымен  өздері байланысқан кезде, вирус банк атынан қоңырау шала алады екен.

Сарапшылар тексерілмеген дереккөздерден қосымша бағдарламаларды орнатпауды ескертті. Сондай-ақ қолданылатын құрылғының бағдарламалық жасақтамасын үнемі  жаңартуға кеңес береді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматылық 10 жасар қыз Максим Галкиннің бағдарламасына қатысты

Португалияда бағасы 3 млн теңге болатын әлемдегі ең қымбат шоколадты көрсетті

Улы жыландарды үйретуші ер адам кобра шағып алғаннан кейін көз жұмды

Африкалық оқушылар компьютерлік бағдарламаларды қарапайым тақта мен бордың көмегімен үйреніп келген (фото)

Талқылау