Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар ұлттық валютаның долларға шаққанда 375 теңгеге дейін нығаюын болжады

Ұлттық валюта жыл соңына қарай 375 теңгеге дейін нығаюы мүмкін. Ренессанс агенттігінің сарапшылары осындай оптимистік болжам жасап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеп хабарлайды.

Доллар құны 376 теңгеге дейін түсіп кетті

Сарапшылардың айтуынша, мұнай бағасының осы күнге дейінгі қымбаттауы валюта бағамына оң әсерін енді көрсетпек. Әрі қара алтын құны тағы көтеріледі деп отыр.

Оның үстіне биыл еліміздің жалпы ішкі өнімі 5,3 процентке дейін өседі деген де болжам бар. 

Әзірге валюта бағамы бір АҚШ ақшасы үшін - 419 теңгеге, еуро - 501 теңгеге, рубль - 5 теңге 60 тиынға тең. 

Талқылау