Сарапшылар: Қазақстандықтарға басқа елдермен салыстырғанда жалақыны жиі көтереді
Қазақстандықтарға басқа елдермен салыстырғанда жалақыны жиі көтереді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме жасай отырып.
LS порталының сарапшылары Еуразиялық экономикалық одақ елдері тұрғындарының табысын салыстырған кезде осындай қорытындыға келді. Жыл басынан бері атаулы табыс елімізде 16,5% - ға өскен.
Салықтар мен аударымдарды ескере отырып, қазақстандықтар айына орта есеппен 510 доллар алады. Беларусь тұрғындарының табысы 5 бірлікке аз – олар рейтингте екінші орында. Қырғызстан үштіктің соңғы орнында - жарты жылда ондағы табыс 10,5% - ға өскен. Ал Ресей жалақының өсуі бойынша төртінші орынға жайғасқан.
Бір қызығы, көршілеріміздің жалақысы біздікінен 200 долларға артық. Алайда нақты жалақының өсуі, әрине, әлдеқайда аз пайызды құрайды. Жыл басынан бері Қазақстанда жалақы көтерілуі 9,5% - дан аспады. Беларусьте - 8%-дан сәл жоғары, Арменияда - 5%-дан аздау.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”