Сарапшылар сатып алған соң арзандап кетпейтін автокөліктерді атады
Фото: Xiaomi SU7
Қытайлық автомобиль дилерлерінің қауымдастығы (CADA) 2025 жылдың қаңтарынан мамырына дейінгі кезеңде елде сатылған бір жылдық көліктердің орташа бағасы негізінде ең өтімді автокөліктер рейтингін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Электромобильдер арасында Xiaomi SU7 көш бастады. Жаңа көлікті күту мерзімі ұзақ болғандықтан және сұраныс жоғары болуына байланысты бұл модель қолданыстағы күйінде де жаңа көліктен қымбатқа сатылып жатыр.
2-орында Aito M9 EV (Huawei және Seres). Бастапқы бағасының 84,45% мөлшерін сақтаған. Ал Li Auto Mega (минивэн) 77,81%-бен үшінші орынға жайғасты.
Бұдан бөлек Tesla Model X және Model 3-те алғашқы бестікке еніп, тиісінше 77,81% және 76,03% жинады. Гибрид көліктер арасында Aito M9 көшбасшы болып, 85,23%-ын сақтап қалды. Porsche Cayenne E-hybrid және Tank 700 Hi4-T артта қалған.
Бензинмен жүретін көліктер арасында BMW X5 үздік атанып, 83,75% бағасын сақтаған. Дегенмен қытайлық модельдер бұл санатта төменгі орындарда орналасқан.
Жалпы бағалау бойынша:
Гибридтер ең өтімді: 70,09%
Электромобильдер 66,2%
Бензині бар көліктер 64,08% болды.
Электромобильдер Қазақстан экономикасын құлдыратуы мүмкін – Сенатор
Қазақстанда 4 миллион қазақстандық ескі көліктері үшін салық жеңілдігін алады
Еске салайық, бұған дейін ұлттық статистика бюросы былтыр 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша елде 12 587 электромобиль тіркелгенін айтқан еді. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы 7 680 көлікпен салыстырғанда 1,6 есе көп. Өңірлер бойынша электромобильдер ең көп шоғырланған қала Алматы (7 309 көлік), одан кейін Астана (1 510) мен Алматы облысы (638) орналасқан.

Қазақстандық қыз АҚШ-та кішкентай баласымен Йель университетін бітіріп, Стэнфордқа түскен
