Сапарбаев не себепті барлық отбасыға 21 мың теңге берілмейтінін түсіндірді
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев неге барлық отбасыларға 21 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Барлық қазақстандықтар ұмытпауы керек: бұл атаулы әлеуметтік көмек, аз қамтылған отбасыларға уақытша беріледі. Бұл бірінші. Екіншіден, көпбалалы отбасылар көбінесе көмек сұрады. Біз үшін көпбалалы отбасыларды қолдау басым бағыт беру міндетіміз. Сіздер бір балаға қанша, бес балаға қанша ақша жұмсалатынын білесіздер. Барлығына 21 мың теңге беру дұрыс емес. Себебі, біз ең алдымен мұқтаж адамдарға көмектесуіміз керек», - деді Бердібек Сапарбаев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Премьер-министрдің орынбасары мысал ретінде Қазақстан Республикасы президентінің «тәуелділік пен мұқтаждықты» ажырату керек екенін айтқан. Бұған дейін Бердібек Сапарбаев жаңа механизм бойынша 367 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетінін хабарлаған болатын.
Тағы оқыңыз
Қазақстанда 2020 жылға арналған АЕК және АЖК мөлшерлемесі бекітілді

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
