"Санам қорытпай жатыр": Ақбота-Нұр 22 жастағы Ақнәрдің өлімінің шындығын талап етті
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Алматыда қаза тапқан Ақнәр Қамиттің өліміне қатысты әділдік талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі 10 айға созылған істің соңы аяқсыз қала ма деген қорқынышы барын жасырмады.
“Ақнәрдің ғұмырының қасақана қорланып қиылғанын, Ақнәрді азаптау іс-әрекеттері камераға түскен ап-анық итеріп құлатқан жазбасы, қаншама көзге ұрып тұрған дәлелдердің жеткілікті болып тұрғанын көре тұра, істің неге 10 айға созылып, қылмыстылардың бостандықта жүргенін санамыз қорытпайды. Қандай қоғам мынау? Әділет қайда? Мәпелеп баққан, мәдениетті бір туар балалар осылай бассыз кеткен қатігездердің қолынан өле берсе болашақтан не хайыр?! Құрметті сот орындаушылар, заң тарапы сіздерден әділдік талап етеміз! Бұл 22 жастағы Ақнәрдің ғана емес, бүкіл елдің тағдыры! Ақнәр үшін әділдік!", – деп жазды ол.
-
"Беттері тілінсін бетпақтардың": Меруерт Түсіпбаева атышулы оқиғаға қатысты ойын бөлісті
-
"Тырнағын жұлып, қолын сындырып, азаптап өлтірген": Алматыда терезеден құлап қаза тапқан 22 жастағы қыздың анасы әділдік сұрап отыр
Айта кетейік, Алматыда терезеден құлап қаза тапқан 22 жастағы қыздың анасы Тоқаевқа үндеу жасаған еді. Ол Алматыдағы тергеуге сенімсіздік танытты.
"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізден өтінемін, қылмыстық істі Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" және 126-бабы "Заңсыз бас бостандығынан айыру" баптары бойынша қайта саралау туралы ұйғарым беруіңізді сұраймын. Алматы қаласының тергеу органдарына сенімсіздік білдіруімізге байланысты істі арнайы тергеу тобының бақылауына алуды, қызымның өліміне күдіктілерді қамауға алуды, әділ тергеуді қамтамасыз етіңіз", – дейді марқұм қыздың анасы.

"Университетте тегін оқып, әлеуметтік көмек ала алады": Грин карта арқылы АҚШ-қа көшіп кеткен қазақстандық жұптар оқиғаларын айтып берді
