Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Samsung 98’’ QLED Q80C аса үлкен теледидары сатылымға шықты

Samsung жаңа аса үлкен 98 дюймдік QLED Q80C теледидарының сатылымын жариялады. Бүгіннен бастап қазақстандықтар оны Samsung ресми онлайн дүкенінде және ресми серіктестерден сатып ала алады. 

Samsung ресми онлайн дүкенінде теледидар сатып алсаңыз, танымал онлайн кинотеарларға бір жылға жазылым мен тегін жеткізуді сыйлыққа аласыз. 

Жаңа 98“ QLED теледидары — бұл теледидар әлеміндегі заманауи технологиялардың түйіскен орны, ол өзіне Samsung компаниясының барлық инновацияларын біріктірді. Теледидардың басты ерекшелігі оның үлкен диагоналінде –  98 дюйм, бұл 248 сантиметрге жуық! Ол сіз бен отбасыңыз үшін керемет үй кинотеатрына айналатыны анық. Кескіннің керемет сапасын QLED технологиясы қамтамасыз етеді, ал DCI-P3 стандарты бойынша VDE сертификаттаған 100% түс ауқымы фильмдер мен сериалдар әлеміне толығымен еніп, көріністі режиссердің өзі ойластырған қалыпында көруге мүмкіндік береді. 

Samsung компаниясы өз өнімдеріне үнемі ең үздік мүмкіндіктерді енгізуге тырысады және бұл осы теледидарды айналып өткен жоқ. Ол Quantum 4K қуатты нейрондық процессордың негізіндегі жасанды сананың заманауи функцияларымен жабдықталған. Осы процессор мен орнатылған нейрожелілер автоматты түрде көріністерді бастапқы мазмұнына тәуелсіз жақсартады. Олар сурет өлшемін оңтайландырады, шуды төмендетеді, анықтықты арттырады және қара түсті көріністерді көрсетуді жақсартады, осының арқасында сіздің керемет үлкен экраныңызда кескіннің тамаша сапасы қамтамасыз етіледі. 

Геймерлерді де қуантқымыз келеді, аса үлкен QLED теледидары заманауи ойындардың барлық кереметінен рақат алуға жағдай жасайды. 120 Гц жиілігін қолдау, AMD FreeSync Premium Pro технологиясы мен HDR – жоғары және бірқалыпты FPS-пен, анық және жарық кескінмен қамтамасыз етеді. 

Жаңа теледидардың дизайнына ерекше назар аудару керек — мұнда Samsung дизайнерлерінің көп еңбегі көрінеді. Теледидардың қалыңдығы 48.5 мм, осындай ультражіңішке профиль кез келген интерьерден өз орынын табады, ал көзге көрінбейтін жиектемелері теледидарды жалпақ етіп көрсетеді. Осы теледидар сіздің үйіңіздегі барлығының назары шоғырланған орталыққа айналады. 

Енді сіздің сүйікті контентіңіз бір орында қолжетімді –  заманауи ақылды Smart Hub платформасында. Smart Hub контент ұсынуды оңтайландырады, осылайша іздеуге азырақ көңіл бөліп, сүйікті фильмдеріңіз, шоу мен ойындарға көбірек уақыт жұмсай аласыз. 

Жарнама құқығында