Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Samruk Qyzmet жобасының аясында жыл басынан бері 1300 адам жұмысқа орналасқан

Samruk Qyzmet жобасының арқасында енді "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының компанияларындағы бүкіл бос жұмыс орындарын бір портал – Qsamruk.kz сайтынан қарауға болады, деп хабарлайды Stan.kz порталы Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Біз Қордың дереккөзіне сүйене отырып, осы портал арқылы жұмыс іздеудің төрт негізгі артықшылығына тоқталғымыз келеді. 

Айта кетейік, 2021 жылдың басынан бастап, платформаның арқасында 1300 адам жұмысқа орналасса, порталда жаңадан 2700 астам бос жұмыс орындары жарияланған. 

Бірінші себеп – елдегі үздік компаниялардағы бос жұмыс орындары осында топтасқан. 

"Бүгінгі таңда Қорға қарасты 170 компаниялар тобы Samruk Qyzmet платформасына өздеріндегі бос жұмыс орындарын жариялап отыр. Жұмыс іздеген адам "Қазақстан Темір жолы" Ұлттық компаниясынан, болмаса "Air Astana" әуе тасымалдаушысынан, сондай-ақ "Қазатомөнеркәсіп", "Қазақтелеком", "KEGOC" сияқты алпауыт компанияларынан жұмыс таба алады", – деп хабарлайды дереккөз. 

Порталдың екінші артықшылығы сайттың техникалық әлеуетімен байланысты. Яғни сайттағы бос орындарды іздеу функциясы нақты бір компаниядағы бос жұмыс орындарын тауып бере алады. Болмаса, жұмыс тәжірибесіне, қосымша дағдыларына қарай, бірнеше бос жұмыс орындарын іздеуге болады. 

"Үшінші артықшылық, адам онлайн форматта резюмесін жаза алады. Тіпті онлайн түрде тест тапсырып, видеобайланыс арқылы сұхбаттасудан өте алады. Бұл көбінесе, басқа қалада, тіпті басқа елде тұратын адамдар үшін ыңғайлы", – деп хабарлады Қордың баспасөз қызметі. 

Төртіншіден, осы жобаның аясында жұмыс тапқан адам тегін оқудан өте алады. Өйткені Samruk Qyzmet командасы ең үздік сарапшыларды тарта отырып, үнемі оқу-үйрету жұмыстарын өткізеді. 

Статистикаға назар аударсақ, жоба басталғаннан бергі екі жыл ішінде Samruk Qyzmet қызметін 57 мыңнан астам адам пайдаланған. Өткен бір жылдың өзінде платформада 4500 бос жұмыс орны жарияланған. 
 

Stan.kz
Бейсенбі, 09 Қыркүйек, 2021 09:56
Талқылау